«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 32-баптарының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар болса белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне 63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер алуға құқылы. Мұнымен бірге, 01.01.2018 жылдан бастап 01.01.2027 жыл кезеңінде әйелдердің зейнет жасы 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа) көтерілетін болады. Мысалы, 1960 жылдың 1 қаңтарында туған әйел зейнетке 2018 жылдың 1 шілдесінде, яғни 58,5 жасқа толғанда шыға алады. Егер әйел 1960 жылдың 1 шілдесінде туылса, оның зейнет жасы 59 жасты құрайды, себебі ол 58,5 жасқа (2019 жылдың 1 қаңтарына) толған кезеңге заңнамамен жалпыға белгіленген зейнет жасы 59 жас сай келеді. Зейнетақы төлемдері өтініш білдірген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін төленеді. Осыған байланысты, кесте бойынша зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін БЖЗҚ-ға уақытында жүгіну қажет. Зейнет жасын көтеру: - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ортақ зейнетақыны тағайындауға қажетті әйелдердің еңбек өтілін біртіндеп азайтумен; - жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің ұлғаюымен байланысты.
Зейнет жасын кезең-кезеңмен көтеру кестесі
Жыл
|
Зейнет жасы
|
Туған күні
|
2018 жыл 1 қаңтар
|
58 жас 6 ай
|
1960 жылғы 1 қаңтардан 1960 жылғы 30 маусым аралығы
|
2019 жыл 1 қаңтар
|
59 жас
|
1960 жылғы 1 шілдеден 1960 жылғы 31 желтоқсан аралығы
|
2020 жыл 1 қаңтар
|
59 жас 6 ай
|
1961 қаңтардан 1961 жылғы 30 маусым аралығы
|
2021 жыл 1 қаңтар
|
60 жас
|
1961 жылғы 1 шілдеден 1961 жылғы 31 желтоқсан аралығы
|
2022 жыл 1 қаңтар
|
60 жас 6 ай
|
1962 жылғы 1 қаңтардан 1962 жылғы 30 маусым аралығы
|
2023 жыл 1 қаңтар
|
61 жас
|
1962 жылғы 1 шілдеден 1962 жылғы 31 желтоқсан аралығы
|
2024 жыл 1 қаңтар
|
61 жас 6 ай
|
1963 жылғы 1 қаңтардан 1963 жылғы 30 маусым аралығы
|
2025 жыл 1 қаңтар
|
62 жас
|
1963 жылғы 1 шілдеден 1963 жылғы 31 желтоқсан аралығы
|
2026 жыл 1 қаңтар
|
62 жас 6 ай
|
1964 жылғы 1 қаңтардан 1964 жылғы 30 маусым аралығы
|
2027 жыл 1 қаңтар
|
63 жас
|
1964 жылғы 1 шілдеден 1964 жылғы 31 желтоқсан аралығы
|
2. 01.01.2018 жылдан бастап БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдеріне көшу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен қажетті құжаттар тізбесі Заңның 30-бабының ережелеріне сай Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар (ерлер -63 жасқа, әйелдер – 58 жасқа толғанда (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа) белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алуға құқылы. Мұнымен бірге, Заңның 34-бабының 9-тармағының 2)-тармақшасы бойынша БЖЗҚ Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндетті. Көрсетілген тәртіп, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 Қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидасында (бұдан әрі - Қағида) белгіленген. Осылайша, қолданыстағы Қағиданың редакциясына сәйкес зейнетақы төлемдері белгіленген кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын жүзеге асырылады. Бұл ретте белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы мынадай шамалардан есептеледі және: 1) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен (2017 жылы бұл сома 844 440,00 теңгені құрайды); 2) Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сай зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген шаманың неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Алушының зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болса зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады. Егер төлемнен кейін жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем соманы құраса (2017 жылы – 28 148 теңге) бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді. Мұнымен бірге, 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енетін Қағиданың редакциясына сай белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүргізілетін болады. Алушылардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған (2017 жылы – 337 776 теңге) жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді. БЖЗҚ қағидамен көзделген ережелерді ескере келе белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын өз бетінше қайта есептейді. Жалпыға белгіленген зейнет жасына толғанда МЗЖ және МКЗЖ есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) ресімдеу үшін зейнетақы төлемдерін алушы БЖЗҚ-ның жақын маңдағы кеңсесіне өтініш білдіре алады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен зейнетақы жинақтарын аудару үшін алушының банк шоты туралы мәлімет болу керек. Сондай-ақ алушы зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін құжаттарды сенім білдірілген тұлға немесе пошта байланысы не БЖЗҚ-ның веб-порталы арқылы бере алады. БЖЗҚ-ның веб-порталы арқылы өтініш білдірген жағдайда өтініш алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады. Құжаттар топтамасы БЖЗҚ-ға құжаттарды беру тәсіліне байланысты. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін заңнама талаптарына сәйкесетін Қағидада көзделген құжаттарды БЖЗҚ қабылдаған не оған келіп түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтарын аудару, есептеу мен төлеуге байланысты банк қызметтерінің ақысы БЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі, бұған оларды айырбастау және шетелдік банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына есептеу қызметтері қосылмайды. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының/заңды өкілдің банктік шотына: Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банк шоттарына аудару кезінде тек ұлттық валютамен; Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шетелдік банктерде ашылған банк шоттарына аудару кезінде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингімен немесе ресей рублімен аударады. Зейнетақы төлемдері өтініш білдірген күннен бастап белгіленетіндігін және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылатындығын атап өту қажет. Осыған байланысты кесте бойынша зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін БЖЗҚ-ға уақытында өтініш білдірген жөн. БЖЗҚ-ға құжаттарды беру тәсіліне (өзі өтініш білдірген кезде, пошта байланыс құралы не үшінші тұлға арқылы) байланысты барлық қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды ресімдеу талаптары, сондай-ақ өтініштердің бланкілері және төлем валютасының түріне байланысты өтініштерді толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ-ның веб-сайтына орналастырылған.
3. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне салынатын салықтың ерекшеліктері БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық салынатын табыстарға жатады (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 160-бабы). ҚР Салық кодексінде көзделген мөлшерде салық шегерімдері сомалары мен түзетулерді есептемегенде зейнетақы төлемдеріне 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынады. Бұл ретте түзетулер мен салық шегерімдерінің сомасы ҚР салық кодексімен тек ҚР резиденттеріне көзделген.
Мысалға, кесте бойынша зейнетақы төлемдерін қарастырайық, мұнда зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы ең төменгі зейнетақы мөлшерінің отыз еселенген мөлшерінде белгіленген (2017 жылы - 30*28 148 = 844 440 теңгені құрады). Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар - зейнет жасына толған резиденттер БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан салық шегерімдеріне құқығы бар тұлғалар болып табылады (ҚР Салық кодексінің 170-бабы). Бұл дегеніміз – ЖТС салық шегерімі қолданылғаннан кейін зейнетақы төлемдерінің сомасынан ұсталады. ЖТС салынбайтын зейнетақы жинақтарының сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі 12 мөлшеріне тең. 2017 жылы бұл көрсеткіш 24 459 теңгені құрады, демек ЖТС салынбайтын сома 293 508 (12*24 459). ЖТС салынатын сома 550 932 теңге (844 440 – 293 508). ЖТС мөлшері 55 093,20 теңге (844 440 – 293 508) *10%). Алушының банк шотына 789 346,80 теңге (844 440 – 55 093,20) мөлшерінде сома аударылатын болады. Бұдан басқа, ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 75 еселенген шегінде ЖТС түзетулері көзделген азаматтар санаты бар (2017 жыл - 75*24 459 = 1 834 425 теңге). Осылайша, көрсетілген тұлғаларға: Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген тұлғалар; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар; 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар; І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер; мүгедек бала; «мүгедек бала» деген санаттағы адамның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы, мұндай адам он сегіз жасқа толғанға дейін; «бала кезінен мүгедек» себебі бойынша мүгедек деп танылған адамның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы, мұндай адамның өмір бойына; асырап алған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуі жатады. Көрсетілген адамдардың табыстары жеке тұлға: ҚР Салық кодексімен белгіленген шамада түзету мөлшерін көрсете отырып түзетулерді қолдануға өтінішті; растаушы құжаттардың көшірмелерін бергенде түзетулерді қолдануға негізі туындаған, тоқтатылған немесе бар салық кезеңдері кіретін күнтізбелік жылда салық салынуға жататын табыстардан алынады.
4. Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылмаған зейнет жасына толар алдындағы салымшыларды (алушыларды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жұмылдыру Заң, сондай-ақ Жарғының ережелеріне сай БЖЗҚ зейнетақы жарналарын тартады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл ретте Заң ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған кезде және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар болса жүзеге асырылады. Осы арада, БЖЗҚ-да зейнетақы жарналары жоқ, не зейнетақы жарналары шағын немесе тұрақты түрде аударылмайтын зейнет жасына толар алдындағы тұлғалар туралы мәліметтер бар. Осыған байланысты БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға), оның ішінде зейнет жасына толар алдындағы адамдарға МЗЖ, МКЗЖ төлеу жөніндегі агенттің (бұдан әрі - агент) зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақытында аударуын агенттен алған мәліметтерді БЖЗҚ-ның жеке зейнетақы шотындағы деректермен салыстырып-тексеру арқылы бақылауды ұсынады. Заң ережелеріне сай қызметкерге табысты нақты төлеу және оны алу талабымен жұмыс берушінің уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және(немесе) аудармаған МЗЖ, МКЗЖ сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда мерзімі өткен әрбір күн үшін уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса МЗЖ салымшысының, МКЗЖ төленетін қызметкерлердің пайдасына аударуға тиіс екендігін атап өту керек. Сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары жоқ немесе зейнетақы жарналары жүйелі түрде аударылмайтын адамдар, сонымен бірге жұмысқа тұрғысы келетіндер немесе қосымша жұмыс алғысы келетіндер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызметін пайдалана алады. Көрсетілген мемлекеттік қызметті жеке тұлғаларға Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар, оның ішінде облыстардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары және Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары тегін көрсетеді. Бұл сұрақ толғандырған болса, БЖЗҚ осы мемлекеттік қызметтерді алу үшін жоғарыдағы органдарға не «электронды үкіметтің» egov.kz порталына өтініш білдіру керектігін ұсынады. Осы бағдарламаға қатысуға бел буған тұлғалар еңбекпен қамту үшін, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына, кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта дайындауға жолдама алады, нәтижесінде зейнет жасына толғанда зейнетақы төлемдеріне арналған БЖЗҚ-дағы өз зейнетақы жинақтарын арттыра алады. 01.01.2016 жылдан бастап күшіне енген Заңға (39-баптың 2-тармағы) нормалар енгізілген, осыған орай МЗЖ төлеу бойынша құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының азаматтары: 1) жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) негізі болып табылатын азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстарды орындаушылар; 2) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, дипломатиялық өкілдіктерде және Қазақстан Республикасында аккредитацияланған шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелерінде жұмыс жасайтындар; 3) Қазақстан Республикасынан тыс жұмыс жасайтындар қатысуға құқылы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген тұлғалары үшін МЗЖ қолма-қол ақшамен банктерге және(немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кейіннен оларды БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін төлеу арқылы алынатын табысынан 10 пайыз мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен (2017 жыл – 24 459 теңге) сәйкесті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес төленуге тиіс.
5. Салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты, оның ішінде электрондық қызметтер арқылы беру тәртібі Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алудың бірнеше жолдары бар. Салымшы (алушы) өзіне ыңғайлы жолын таңдай алады. Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке келісімде көрсетілген салымшының (алушының) электронды мекенжайына хабарлама жіберу жолын таңдауға болады. Ең жедел тәсіл – ЭЦҚ немесе пайдаланушының логині мен паролін (логин орнына салымшының (алушының) ЖСН көрсетіледі) пайдалану арқылы www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі. Көрсетілген тәсіл өз жеке зейнетақы шотыңызды тексеруге, үйден немесе кеңседен шықпай (24/7) жұмыс берушіден түскен жарналарды бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ БЖЗҚ мамандары әзірлеген Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде қызмет ететін смартфондар мен планшеттер үшін ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады. egov.kz электрондық үкіметінің порталы арқылы зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты алуға болады. Қызмет egov.kz порталының «Азаматтар» санатындағы – «Әлеуметтік қамсыздандыру» рубрикасы – «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде қол жетімді. Қызметтерді алу үшін ЭЦҚ талап етіледі және электрондық үкіметтің порталында тіркелу керек. БЖЗҚ-ның мамандарынан жеке ақпарат алу үшін республика бойынша БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтары ашылған. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе жеке келісімде көрсетілген мекенжайға пошта арқылы хабарландыру тәсілі әлі де қолданылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілі жөніндегі мәліметтер болмаған, не егер беру төлем карточкасы арқылы хабардар етуді көздейтін тәсілмен айқындалған жағдайда, өткен жылдағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы (алушысы) тікелей БЖЗҚ-ға өзі өтініш жасаған кезде жүзеге асырылады. Мынадай: 1) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған; 2) БЖЗҚ-ны «адресат көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгімен өткен жылдағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың БЖЗҚ-ға қайтарылуы нәтижесінде белгіленген тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабардар етпеген жағдайларда, БЖЗҚ салымшыларды (алушыларды) олардың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын міндетті хабардар етпейді. Хабарландыру тәсілін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжатпен хабарландыру тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісім жасай отырып, БЖЗҚ-ға жеке өзі өтініш білдіру арқылы анықтай алады. 2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 3 млн. астам адам немесе әрбір 3-салымшы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты алу тәсілі ретінде электронды хабарландыру тәсілін таңдаған.
|